Баласын тастап кеткен анаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды

Астанадағы «Астана-1»  вокзалында анасы тастап кеткен сәбидің анасы туралы тың ақпараттар жария болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана вокзалындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері баланың анасын іздеп тапқан. Ол бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болып отыр.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сәбидің анасы полицияға жеткізілді. Қазір сәбиді қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ал оның үш жасар баласы Астана қаласы әкімдігінің қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілген.

Related posts

ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ: «ЕРКІН СӨЗ»

ttjk

LED VE AYDINLATMA FUARI’NDA YENİ KONSEPT, YENİ DÖNEM

Назия Жоямергенқызы

АЛАНЬЯ-АНТАЛИЯ ЖОБАСЫ

ttjk