Бөтеннің қаржысын жымқырған бухгалтер Түркиядан экстрадицияланды

Түркиядан бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденген күдікті экстрадицияланды.

Еліміздің Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның есепшісі болып жүргенде төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген.Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуде болған.

Биыл тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліміздің құқық қорғау органдарына берілді. Күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Related posts

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

ttjk

Кафедра ЮНЕСКО: III Зимняя школа PR

ttjk

Қарағанды облысында халыққа ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды

ttjk