БҚО-да100 млн жыл бұрынғы ихтиозаврдың қаңқасы табылды

Осыдан 100 млн жыл бұрын тіршілік еткен ихтиозаврдың қаңқасы Ақжайық атырабынан табылды. Мұның ғылыми жаңалық екенін айтқан мамандар оған енді «Қазақстанозавр» деген атау беруді көздеп отыр. Ғалымдардың пайымынша, мақұлық суды мекендеген ихтиозаврлардың арғы атасы болуы мүмкін. Қазір табылған қаңқа сүйектері зерттеліп жатыр.

Тұрқы ешбір жануарға ұқсамайтын үлкен сүйекті Бәйтерек ауданындағы жас геологтар тобы тапқан. Алайда «олжаны» зерттейтін ғалымды ұзақ іздеуге тура келген. Кейін олар табылған сүйектің динозаврға ұқсамайтынын анықтап, ғылыми жаңалық ашылғанын мәлімдеді.

«150 мың жыл бұрын осы ихтиозавр сол жерде болған деп айтады ғой. Теңіз болды, сол теңіз кезінде шайылып келген дейді. Жердің 1-2 метр астында сүйектері бар дейді. Бүгінгі күні жердің өзгерістеріне байланысты жердің астындағы сүйектердің кейбірі бетіне қарай шығып жатыр. Балалар зерттеу жұмыстарын қызығушылықпен жүргізіп жатыр», деген БҚО балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Бекқалиев.

Сүйекті зерттеген Назарбаев университетінің ғалымдары ихтиозаврдың 3D форматындағы графикалық пішімін жасады. Озық технология көмегімен есте жоқ ескі заманда тірлік еткен хайуанның көшірмесін тарихта қалдыруды жөн көріп отыр.

 

Related posts

Қазақстанда алғаш рет PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді

ttjk

БРЮССЕЛЬДЕ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ БОЛАДЫ

Назия Жоямергенқызы

Абай облысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 4 жоба жүзеге асады

Назия Жоямергенқызы