“АЗИЯ ДАУЫСЫ”-2024 “МЕДЕУДЕ” КҮТЕДІ

Алматыдағы «Медеу» биік тау мұз айдынында қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды!

Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Өйткені, бүгінде «Азия дауысы» алдына тек музыка майталмандарының буынын ғана емес, бір кездері өнер жолын осы байқаудан бастағандарды біріктіру міндетін қойып отыр. Сондықтан, үшінші күні ең алдымен балалар флешмобын көрдік, содан кейін сахнаға «Жас қанат. Балалар» байқауының жеңімпаздары шықты. Жұлдыздарға ерекше концепция — балаларымен ән шырқау ұсынылды.  Мәселен, Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева ұлы Диас Абылаевпен дуэт орындаса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Роза Рымбаева сахнаға ұлдары Әли Рымбаев, Мәди Оқаповтармен трио болып шықты.

Фестивальдің үшінші күні сағынышқа толы болды. Экран арқылы көрермендерге 90-шы жылдардағы аты аңызға айналған «Азия дауысы» сахнасында бүгінгі әртістердің қандай болғаны туралы роликтер көрсетілді. Сондай-ақ олар әйгілі «Азия дауысы» джинглының авторы, бірнеше ДДД дейтін дауысты жасаған, фестивальге Германиядан арнайы келген Виталий Михаэлистің естеліктері айтылды.

Ең бастысы, қатысушылар «Азия дауысы» сахнасында тұңғыш рет Александр Беляковтың жетекшілігімен Al Jazz Symphony эстрадалық және симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Алматының 60 үздік музыканты әртістер мен көрермендер үшін кеш бойы жұмыс істеп, нағыз саунд ләззат сыйлады!

Үшінші күннің хедлайнерлеры — өзбектің «Ялла» тобы мен Швециялық «Secret service» тобы болды. Айтпақшы, «Ялла» тобы – мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін фестиваль символы – күн басы бар жаратылыс бейнесіндегі қайта жаңғырған «Азия дауысының» алғашқы мүсінімен марапатталды. Оны фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов таныстырды.


«Фестиваль командасы үш күн бойы керемет жоба жасап жатыр. Мен екі элементтің — «ескі мектеп» және жаңа команданың біріктірілгеніне өте қуаныштымын және ұжымға рахмет
айтамын. Бірінші күнді жасаған Азат Әбікенге, екінші күні Black Eyed Peas келуін ұйымдастырған Сәбит Сүлейменовке және «Азия дауысы» қоғамдық қорының президенті Ирина Ковырякоға алғысымды білдіремін», — деді, Арманжан Байтасов.

Сондай-ақ, Арманжан Байтасов фестивальдің демеушісі Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін Кенже есімді әйел ұтып алғанын және бұл да интрига болғанын айтты. Ұтыс ойыны екі рет өткізілген, алғашқы жеңімпаздар билет саны аталғанда сахнаға шықпаған. Бірақ ақыры көлік өз иесін тапты.

Фестиваль осымен аяқталды. Енді біз оның негізін қалаушылар — Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев ойлап тапқан байқау форматында өтетін келесі «Азия дауысы — 2024» фестиваліне «Қош келдің!» дейміз.

Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудың арқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы — 2023» фестивалінің бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank болды.

Ресми телеарна: Silk Way

Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы»

Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TV, Business FM, RadioCitу, «Деловой Казахстан», «Қала мен дала», «Новое поколение»,«Московский комсомолец», Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Kursiv.media, Nege.kz, Arbat.media, Informburo.kz, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, Weproject.media, DALA INSIDEтелеграмы, Түркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб».

Related posts

ТҮРКИЯДАҒЫ ФУНДУК ФЕСТИВАЛІ

Назия Жоямергенқызы

Түркияның Cittaslow тізіміндегі ең әдемі қалалар

Валентин күнін Жерорта теңізіндегі жанға жайлы әрі жылы аймақ — Антальяда қарсы алыңыз

ttjk