Қазақ журналистері Түркияның Алматыдағы Бас консулымен кездесті

Түрік кәсіпкерлері әр күн сайын түркістандық мың студентке ауызашар береді. Бұл шара толық Рамазан айында жалғасын табады. Бұл туралы Түркияның Алматыдағы бас консулы Әли Акынжы айтты.

Қазақ журналистерімен кездесу барысында Түркияның Алматыдағы бас консулы өзге де мәдени шаралар туралы айтты. Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай Ахаңның  мерейтойы Түркияда да аталып өтеді.

Тілшілер сұрағына жауап берген Әли Акынжы былтыр Абайдың 175 жылдығына орай Түркияның 17 қаласында ұлы ақынның атына көшелер, саябақтар, алаңқайлар берілгенін хабарлады.

Мәдени ынтымақтастық туралы айтқан Бас консул түркі мемлекеттерінің достығы, дамуы, экономикалық қарым-қатынасы төңірегінде сөз қозғады.

Related posts

Түркістан облысында шегірткеден қорғау шаралары аяқталды

Назия Жоямергенқызы

Түркиядағы бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

Назия Жоямергенқызы

ҚАРИЯ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛДЫ

ttjk