Қазақ қызы теннисте топ жарды

Қазақстанның жас теннисшісі Сандуғаш Кенжебаева ұптық сында Анталияда өткен (Түркия) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Сандуғаш Кенжебаева неміс теннисшісі Жоэль Строймен бірге тізе қоса отырып, финалда отандасы Асылжан Арыстанбекова және ресейлік Дарья Шадчневамен кездесті. Бірінші партияда Асылжан мен Дарья 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Қазақстан-Германия жұбы есе қайырды – 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлдып алды (10:2). Осыған дейін Сандуғаш Кенжебаева мен Жоэль Строй жартылай финалда итальяндық Джулиана Бестетти/Октавия Масетти жұбынан 6:4, 6:2 есебімен басым түскен. Сандуғаш үшін бұл — Антальядағы жұптық сындағы қатарынан болған үшінші финал. Ол алдыңғы екі турнирде жеңіске жеткен екен. Осылайша бұл жолы да еліміздің намысын қорғаған қазақ қызы чемпион атанды.

Related posts

Thailand’s Best Beaches 2017. How Many Are in Phuket?

ttjk

Türkiye: Mersinli firma Kazakistan’da organik bayrağını dalgalandıracak

ttjk

Қызылша қаупі: Астананың бас санитарлық дәрігері вакцинация туралы айтты

Назия Жоямергенқызы