Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыстау баурайында дүниеге келген Абай Құнанбайұлы қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама ойшылы, көркемсөздің теңдесі жоқ шебері. Өзінің өлеңдерімен, көреген ойшылдылығымен қазақ жазба әдебиетіне бір тыныс беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар өзіндік қабілетімен, құдыретілгімен қазақ біткенді тәрбиелеген, жақсылыққа жол сілтер бағдаршамы, шындықты әрқашан жақтап, ту еткен қазақтың қамқоршысы.
Жоғарыда айтып кеткендей Абай атамыз қазақ әдебиеті мен қазақ халқына, қазақ өнері мен біліміне жаңаша бір дем берген жазушы. Ақынның шығармашылығы, негізінен, үш саладан тұрады: бірі-өзі шығарған өлеңдері, екіншісі-өзге тілден алған аудармалары, үшіншісі- ғақлия яки қара сөздері. Абай атамыздың мұра етіп кеткен әр өлеңі ой саларлық ,мазмұны мен мағынасы жағынан бай, көркемсөздің нақышын келтіріп жазатын бірден-бір тұлға.
Абай өлең мен өнер, сөз бен тіл құдыреті, адамның сезімдері мен мінездері, көңіл күйі, табиғат көріністері, халықтың тұрмыс-тіршілгі туралы шығармалар жазған. Өлеңдерінің басым бөлігі мәдениет пен білімге және де жастарға арналған.
Мен жаңа өмір баспалдағын аттағалы тұрған болашақ талапкермін.Біздің алдымызда әлі сан тарау жол тұр. Сол сан тарау жолда өмір жолымыздың асыл темірқазығы болар, сара жолымызға бастау болар бұл-Абай атамыздың өлеңдері мен өсиет қып кеткен нақыл сөздері.Мысалы:
Сізге ғылым кім берер?
Жанбай жатып сөнсеңіз,-
деген өлең жолдарында білім мен өнерді дарытуға шақырады. Расымен де, бүгінгі заман өнердің, білімнің, технологиялардың дамыған уақыты. Сондықтан да біз үшін жанбай жатып сөнгеніміз аса үлкен сын болар. Дәл осы “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінде өміріңе азық болар, болашақ қазақ ұрпақтарының санасын оятар, жол бағыттап,ой салар құндылықтар өте көп. Бес дұшпаныңнан алыс болып, бес асыл істі бойыңа сіңіртуді мақсат тұтады. Жалпы бұл өлеңінде ақынымыз ненің дұрыс ненің бұрыс екенін айшықтап жазып, ой жиегінен өткізіп, саралаған. Өмірлік мысалдармен түйін көрсеткен.
«Сегіз аяқ» өлеңі – өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі. Мұның бір жағы-сын болса,екінші жағы-өсиет-өнеге, үлгі-ғибрат беру. Бұл өлеңінде Абай халықтың мұңы мен зарын дәуірдің қайғысын жырлайды.Онымен қосы жастардың адам болуы үшін ең алдымен еңбек етулері керек екендігін мына өлең жолдарында ұқтырады.
Болмашы кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай еңбек қыл!
Орынсыз ыржың,
Болымсыз қылжың,
Бола ма дәулет,нәсіп бұл?
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Тағы бір өлең жолдарында:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім,-
деп халықты,жастарды өнер,ғылымға,ізденіске шақырады.
Абай шығармаларын жай ғана өлеңдер емес, қарасөздері де толықтырып тұр. Абайдың қарасөздері-ақын шығармашылығының үлкен бір саласы,қазақ әдебиетінде бұрын болмаған жаңа үлгі.Қырық бес қарасөзден тұратын осын-ау прозалық шығарма негізінен — көркемдігін, әлеуметтік, гуманистік, дінге деген көзқарастарын, философиялық ойлар мен тұжырымдарын көрсетеді.
Мысалы «жетінші сөзінде» анадан туған жас баланың екі мінезбен туатындығын айтып қана қоймай,оны ажыратып,жіктеп айтқан. «Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Біреуі- білсем екен демелік. Не көрсе соған талпыным, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына үмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп: «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге олай үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тынықтыш көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген»,-дейді. Қазақтардың жағдайын дәл осылай сынға алады.Абай «бәрін білсем» деген адамның талпынысын құптайтындығын айтады.
Көпшілік қарасөздерден және де өзгерешек қалыптанған – Абайдың отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қарасөздерше тұтас құрылған бүтін шығарма емес, нақыл сөздермен,арнайы афоризмдермен жазылған сөздері. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланның сүйген ұүлының бірі боласың», деп адамдықтың негізгі қасиеттерін айтып кетеді.
Жалпы алғанда, Абайдың осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем әдебиет төріне жаңаша серпін берген прозалық шығарма.
1993 жылы ЮНЕСКО-ның арнайы шешімі бойынша, Абайдың дүниежүзілік даңқты адамдардың қатарына қосып, туғанына 150 жыл бүкіл адамзаттың ортақ мерекеге айналдыруы тарихта бір жарқын белес болып қалды.Ал, қазіргі таңда 175 жылдығына орай, түрлі шаралар, эстафеталар жоғарғы деңгейде өтіп жатыр.Әлі де өз жалғасын табуда.
Абай есімі біз үшін тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.Ақынның әдеби мұрасы қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып табылады.
Дүниеге қайта келмес дара ақын,
Жанына жақын тұтқан туған халқын.
Өсиеті санаңа азық болар,
Өлеңдері жырлайды өмір салтын.
Естіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,
Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.
Ұлы дана Абайдың жырларынан,
Мәңгілікке өшпейтін белгі қалмақ.
Пасықтардың бойында күндестік бар,
Ақылсыздық ойында білместік бар.
Абайдың біз білетін жырларында,
Ешкім байқай білмейтін үндестік бар.
Сүлейменова Дильназ,
БҚО,Орал қаласы Сырым ауданы Жымпиты ауылы, ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы.