Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады

15 ақпанда бүкіл әлем бойынша Халықаралық қатерлі ісік ауруы бар балалар күні атап өтіледі. Ол қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналары ұйымдастырған халықаралық конфедерациясының бастамасымен өткізіледі /ICCCPO/.

 

«Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады. Көп жағдайда бұл қан ауруы –«лейкемия». Балалар онкологиясының жалпы құрылымында ми ісіктері, нейробластома, лимфома және ретинобластома басым.​

Қазіргі уақытта Қазақстанда балалардың кейбір онкологиялық аурулары кезінде емдеудің тиімділігі 70-90 пайызды құрайды. Сондай-ақ, қатерлі ісіктің генетикалық ақаулардың нәтижесінде пайда болатын түрлері де бар және оларды емдеу нәтижелері әлі де жоғары емес. Бірақ әлемдік медицина бір орында тұрмайды, Қазақстанда да емделу мен бақылауға мүмкіндік бар», – дейді ҚР ДСМ бас онкологы, «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Басқарма Төрайымы Диляра Қайдарова.

Балада онкологиялық ауруды анықтау өте қиын. Сондықтан ата-аналар балаларының денсаулығына өте мұқият болу керек. Қатерлі ісік терапиясының тиімділігі уақтылы диагноз қоюға байланысты екенін есте ұстаған жөн.​ Қатерлі ісікке шалдыққан балалардың халықаралық күнін үмітсіздік күні деп санауға болмайды. Бұл балалардың ауруды жеңетін мерекесі!

15 ақпан күні ҚазОжРҒЗИ балалар онкологиясы орталығында аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған іс-шара өтті. Биыл біздің кішкентай пациенттеріміз үшін мерекені толығымен Андерсон кафесі ұйымдастырып берді!

Сонымен қатар, «Амила» және «Menin armanym» қайырымдылық қорының еріктілері кішкентай пациенттерге сыйлықтар жасады!

«Мерекелік көңіл-күй мен оптимистік көңіл-күй аурудың ағымына да оң әсер етеді. Біз балалар мен олардың ата-аналарын жағымсыз ойлардан алшақтатып, олардың көңіл-күйін көтергіміз келеді. Өткен жылы біздің балалар онкологиясы Орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалардың жағдайларына оң әсер беретін жағдай жасалды. Өйткені, жағдай қолайлы емге де әсер етеді. Біз бәрі жақсы болады деп сенеміз!»,- деді Диляра Қайдарова.

 

Related posts

The European cycling community will meet in İzmir by October 2023

ttjk

RENOWNED TURKISH POET ÂŞIK VEYSEL CELEBRATED THROUGHOUT THE YEAR IN UNESCO 2023 COMMEMORATION PROGRAM

ttjk

Туркиядан Қазақстанға Астанадан Ыстамбулға өнер көпірі

ttjk