Қазақстанда TikTok бұғаттала ма?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов  TikTok платформасы елдің талаптарына сай болса бұғатталмайтынын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ол заңсыз контент немесе жеке деректердің сыртқа шығуы анықталса, платформа бұғатталуы мүмкін екенін жеткізді.

Оның айтуынша, ғаламтордағы заңсыз контентті қадағалап, ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты.

«Бізге еліміздің азаматтарынан TikTok платформасында жеке мәліметтерді тарату фактілері туралы бірде-бір шағым түскен жоқ. Егер біз мұндай фактілерді анықтасақ, тиісінше, бірінші кезекте TikTok әкімшілігімен тікелей байланысамыз. Екіншіден, байланыс туралы заңнамаға сәйкес егер біздің келіссөзіміз сәтсіз болса, ал олар бұйрық шығарып қойса, біз өз әріптестерімізге жүгінеміз. Егер қандай да бір платформа біздің еліміздің заңды талаптарын орындаудан бас тартса, біз оның қолданысын шектеуге мәжбүр боламыз. Бұл тек TikTok-қа ғана қатысты емес, кез келген платформаға қатысты», деп қосты ол.

Related posts

Начинается обратный отсчет до конференции EuroVelo & Cycling Tourism 2023.

Назия Жоямергенқызы

БАҚЫЛАУ БЕКЕТІНДЕГІ ШАБУЫЛ

ttjk

Travel Tips | Indian Customs To Know Before Visiting India

ttjk