ҚАЗАҚСТАНДА ШАЛА ТУҒАН БАЛАЛАРДЫҢ РЕТИНОПАТИЯСЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖАҚСАРУДА

АСТАНА, Қазақстан, 2023 жылғы 20 қыркүйек — Қазақстанда ретинопатия анықталған жаңа туған нәрестелердің жалпы саны 2022 жылы 1523 баланы құрады, офтальмологтар көз торының лазеркоагуляциясы бойынша 597 балаға ота жасады, бұл 2021 жылға қарағанда 34%-ға жоғары. Дәрігерлердің айтуынша, бұл әлем бойынша деректермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш, мұнда шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеу кезінде жедел араласу саны 25 пайыздан аспайды. Көрсеткіштің өсуі біздің елімізде ретинопатияның күрт дамыған түрімен ауыратын балалар санының артқанын көрсетеді.

Дәрігерлердің мәліметінше, Қазақстанда мерзімінен бұрын туған нәрестелердің 40% жуығы ретинопатиямен — шала туған нәрестелерде көру қабілетінің біржола жоғалуына әкеп соғатын көз ауруымен ауырады. Оларды толық соқырлықтан құтқару үшін мүмкіндігінше ертерек күрделі диагностиканы және одан кейін күрделілігі бұдан төмен болмайтын лазерхирургиялық оталарды жасау қажет.

Жыл сайын елордада 30 мыңнан астам бала дүниеге келеді, оның ішінде 1,5 мыңға жуығын шала туған сәбилер құрайды. Ретинопатияны анықтау үшін ерте туған нәрестелердің скринингі Астананың төрт медициналық орталығында: үш Перинаталдық орталықта және АБҰҒО-да жүргізіледі. Тек осы мекемелерде ғана офтальмолог-дәрігерлер жұмыс істейді, олар ең ертеректегі белгілері бойынша осы көздің зұлым ауруын танып, емдей алады.

AYALA қорының көмегінің арқасында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (АБҰҒО) шала туған балалардың ретинопатиясын диагностикалау мен емдеу жақсарады. Бүгін осы медициналық орталықтың офтальмологиялық қызметі «Шеврон» компаниясынан АҚШ-та жасалған заманауи ретиналды камераны алды. Енді дәрігерлер шала туған нәрестелердің көз ауруын сапалы және жедел түрде анықтап, емдей алады, өйткені оларда қажетті офтальмологиялық жабдықтардың толық жиынтығы: ретинальды камера, офтальмоскоп және лазерхирургиялық қондырғы бар.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның Перинаталдық және ғылыми орталықтарын ерте шала туған балалардың ретинопатиясын ерте скринингке арналған жабдықтармен жабдықтау өте нашар жағдайда болды — ол тек 4 орталықта ғана тұрды. Біздің қордың күш-жігерінің арқасында олармен еліміздің 16 медициналық мекемесі, соның ішінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы жабдықталды. Бұл Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингпен қамтуды шамамен 12%-ға ұлғайтуға, шала туған балаларда ретинопатияны анықтауды 20%-ға арттыруға және ретинопатия кезінде көз торын лазеркоагуляциялау бойынша оталардың үштен бір бөлігіне көбірек жүргізуге көмектесті. Біз «Шеврон» компаниясына көру қабілеті бойынша жаңа туған балалардың мүгедектігін азайтуға көмектескені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл ұлт денсаулығына өте маңызды және құнды үлес», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

«Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» жобасы 2021 жылдың қазан айында басталып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес AYALA ҚҚ жүзеге асыруда. Аталған меморандум аясында қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде шала туған нәрестелер ретинопатиясының найзағай түрін емдеуге арналған ангиогенез ингибиторларын интравитреалды енгізу бойынша клиникалық хаттаманы бекітуге ықпал етті.

Жобаны жүзеге асырудың 1,5 жылы ішінде AYALA қоры диагностикалық және хирургиялық медициналық құрал-жабдықтарды, соның ішінде 5 лазерлік қондырғыны, 5 ретиналды камераны, 16 офтальмоскопты, сондай-ақ «Луцентис» препаратының 84 құтысын Қазақстанның мемлекеттік Ғылыми және Перинаталдық орталықтарына сатып алуға және беруге 248 миллион теңгеден астам қаражат жұмсады. Осы көмектің арқасында 3000-нан астам жаңа туған нәресте қор жабдықтарында көз тексеруінен өтті.

«Шеврон» компаниясының өкілі, әлеуметтік инвестициялар жөніндегі үйлестіруші Жанар Қошпанованың айтуынша, «Шеврон» компаниясы 2007 жылдан бері AYALA қорымен ынтымақтасып келеді. «Осы уақыт ішінде біз сәбилер өлімін азайту және ерте мүгедектіктің алдын алу бойынша ондаған жобаларды жүзеге асырдық. AYALA қоры Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтау және дер кезінде емдеу бойынша жұмысты алғашқы болып бастағандардың бірі болды. Қордың 2021 жылдан бастап жүргізіп келе жатқан кешенді және жүйелі жұмыстарының арқасында көру қабілеті балалар бойынша мүгедектігі мен балалар соқырлығы бойынша көрсеткіштер айтарлықтай төмендеді. Біз бүгін Ана мен бала ұлттық орталығына беретін офтальмологиялық жабдықтар жиынтығы сәбилерге әлемді барлық бейнесімен көруге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», — деп атап өтті Қошпанова ханым.

Перинатология мен неонатологияны қолдау «Шеврон» компаниясының денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. 1993 жылы Қазақстанда жұмыс істей бастағаннан бері «Шеврон» компаниясы Алматы және Астана қалаларындағы перинаталдық және неонаталдық бөлімшелер мен орталықтарға жүздеген арнайы жабдықтарды тапсырды, еліміздің барлық өңірлерінен дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне арналған ондаған біліктілікті арттыру курстары өткізілді, сондай-ақ «Шеврон» компаниясының қолдауымен «AYALA академиясы» онлайн-платформасы құрылды, оның көмегімен неонатолог дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер өздерінің негізгі жұмысынан қол үзбей біліктілігін арттыра алады. 2023 жылдың күзінде «Шеврон» компаниясының арқасында бұл платформада Қазақстанның жетекші офтальмолог-дәрігері Әсел Үсенбайқызы Шариповадан тегін бейнекурстар орналастырылады. Курстар қазақстандық офтальмологтарға жаңа туған нәрестелердің көз ауруларын, соның ішінде ретинопатияны диагностикалаудың және анықтаудың теориялық негіздерін алуға көмектеседі. 2022 жылы Көз аурулары ҚазҒЗИ мен Әсел Үсенбайқызы Шарипованың басшылығымен 12 офтальмолог оқытылды, олар ретинопатия диагностикасын меңгеріп алды. Олардың білімі мен заманауи диагностикалық және лазерхирургиялық жабдықтардың болуы алдағы 5 жылда Қазақстандағы мыңдаған жаңа туған нәрестелердің көру қабілетін құтқаруға көмектеседі.

Related posts

Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады

editor

АСТАНАДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан Президенті Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі

editor