Қазақстанда генерал шендерін кімдер алды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыс етті.

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

генерал-лейтенант әскери атағы Балтабеков Аңсаған Скендерұлына;

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Төлеуов Асхат Қалмағамбетұлына;

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлына;

генерал-майор әскери атағы:

  • Аманбаев Марғұлан Топашұлына,
  • Ботабаев Алтай Уәлиханұлына,
  • Мырзахметов Айдос Сәкенұлына,
  • Хасенов Жұмабек Хасенұлына;

авиация генерал-майоры әскери атағы Еспағанбетов Тимур Төлегенұлына;

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:

  • Дүйсенов Марат Жақанұлына,
  • Үкенов Саламат Хамитұлына;

экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:

  • Балғабаев Ерболат Темірболатұлына,
  • Жүнісов Арман Оразұлына,
  • Остроумов Руслан Игорьевичке;

полиция генерал-майоры арнаулы атағы Мұқашев Нұрсұлтан Маратұлына;

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

  • Кұттықов Руфат Бауыржанұлына,
  • Мұхаметжанов Алмаз Оралұлына берілсін.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы бір топ құқық қорғау қызметкерлерін наградамен марапаттаған болатын.

Tengrinews.kz

Related posts

Шығыс-Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты

editor

Сібір жарасын жұқтырғандар екі есе азайды

editor

Қазақстан Қытайдың жеңіл рельсті пойыздарына тапсырыс берген

editor