ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

ҚР Труизм және спорт министрлігінің хабаралауыншағ 2024 жылы еліміздегі ұлттық парктерге 2,8 миллионнан астам адам барған. 2023 жылғы дерекпен салыстырғанда 18 пайызға артқан. Қазақстандағы туризмді дамытуда туристер аәсіресе, Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтын-Емел және Көлсай көлдеріне ерекше қызығады. ҚР президенті Тоқаевтың  ішкі туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларына байланысты ҚР Туризм және спорт министрлігі жаңа экотуристік бағыттарды дамыту бойынша бірнеше жобаны жүзеге асырып жатыр.

Бүгінде Қазақстан бойынша жалпы аумағы 750 шақырым табиғи маршрут абаттандырылған. Алдағы жылдары қосымша 350 шақырым жолды жабдықтау жоспарланған. Б

Аталған ауқымды бірі — Alatau Amanaty бағыты. Жоба «Аюсай» визит-орталығының негізінде жүзеге асырылу үстінде. Іле Алатауының  жоталарымен жағалай отырып, Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстыратын 1200 шақырымнан астам жолды қамтиды. Маршрут бойында этноауылдар, кемпингтер, глэмпингтер мен гастротуризм нысандары салынады. Болашақта бұл бағыт ішкі және халықаралық оқиғалы туризм үшін тұтас экожүйеге айналмақ. Alatau Amanaty жобасы саланы дамытумен қатар, ауыл тұрғындарын экономикалық белсенділікке тартуға да бағытталған.

Бұл идея «KazAlpineClub» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қолға алынған. «AMANAT» партиясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері қолдап отыр.

Бүгінде маршруттың негізгі аялдамалары туристер үшін тартымды нүктелерге айналып отыр. Олардың қатарында: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Көк-Жайлау шатқалы, Бутаковка сайы, Алма-Арасан ыстық бұлақтары, Үлкен Алматы көлі, VIII–XIII ғасырлардағы Талхиз қалашығы және «Oi-Qaragai»  тау курорты бар.

Жобаның іске қосылу күні қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында таулы аймақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық іс-шара өткізді.

Мұндай жобаларды жүзеге асыру тек тұрақты туризмді дамытуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті қауымдастықтарды қолдау арқылы өңірлер үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер береді.

Related posts

Финике в Анталии назван 22-м городом Gittaslow в Турции

ttjk

Астана аспанында солтүстік шұғыласы байқалды – сирек кездесетін құбылыс

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР 135 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ КӨМЕК АЛДЫ

ttjk