Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасы талқылауға ұсынылды

 

«Aшық нормативтік-құқықтық актілер» порталында 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда аккаунт ашуына шектеу енгізуді қарастыратын заң жобасы жария етілді.

4 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қолжетімді болды.

Құжатта «Балаларды денсаулығы мен дамуына кері әсер ететін ақпараттан қорғаудың ерекшеліктері» атты 10-1-бап берілген. Бұл норма жедел хабар алмасу сервистеріне тіркелуді қоспағанда, 16 жасқа толмаған қолданушыларға онлайн платформаларда тіркелуге тосқауыл қояды.

Түсіндірме жазбасында аталған заң жобасының мақсаты — онлайн-платформалардағы заңсыз ақпарат көлемін төмендетуге арналған құқықтық базаны қалыптастыру және онлайн медиа мен масс-медианың дамуына байланысты заңнаманы жаңарту екені көрсетілген.

Қоғамдық талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, осы аптада Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіні қолдануына шектеу қою мәселесі әзірге күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеген еді.

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салу тақырыбы 2023 жылы да көтерілген болатын.

Фото: Nur.kz

Related posts

Қаланың қарыштауы қаржы ұқыптылығын көрсетеді

editor

«Atyraý» газетінің 100 жылдығына мемориалдық тақта ашылды (+ФОТО)

ttjk

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы