Қазақстан қызылша жұқтырудан әлем бойынша үшінші орынға шықты

АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының мамандары әлемде қызылшамен сырқаттану бойынша статистиканы жариялады – Қазақстан үшінші орында тұр.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2023 жылдың мамырынан қазанына дейін қызылша ауруын жұқтырудың 12 985 жағдайы тіркелген. Ең көп жұқтыру жағдайы Йеменде тіркелген — саны 25 261. Одан кейін Үндістанда тіркелген — 14 927. Тізімде Эфиопия мен Пәкістан Қазақстаннан төмен тұр — 11 227 және 8,316 жағдай. Сонымен қатар Ресей қызылша ауруы бойынша топ-10 елге кірген – аталған кезеңде 4 305 жағдай тіркелген. Бұл статистика ДДҰ ұсынған ай сайынғы мәліметтерге негізделген.

6 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Қазақстанда қызылшамен ауырғандардың саны 20 мыңнан асқанын мәлімдеп, елімізде қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін атап өтті. Айдың басында Астанада қызылшаға байланысты 327 науқас емделіп жатқанын, оның 248-і балалар екенін Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сондай-ақ қалалық штаб құрылып, емханаларда балаларға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін жеке егу кабинеттері ашылған.

Әдемі Мұсабек, Т.Қ Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Медиажурналистика мамандағының 2-курс студенті.
Сурет: www.egov.kz

Related posts

Атыраудағы мұғалімдерге арналған STEAM жобасы

ttjk

БҰРСАДАҒЫ ADRENALIN PARK

ttjk

Жемқорлардан қайтарылған қаржы Жамансор ауылына жұмсалмақ

editor