Қазақстан шекарасын заңсыз кескен ресейлік қолға түсті

Ресейдегі әскерге шақырылғандар тізімінде болған 20 жастағы Ресей азаматы Алексей Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Шекараға жақын маңдағы елдімекенге дейін автобуспен жетіп алып, 3 күн бойы жаяу жүрген ол Қазақстан шекарасынан орман арқылы өткен. Қазақстандық шекарашылар Ресейдегі құзырлы органдарға ресми сұрау салу арқылы оның Қазақстан шекарасынан заңды түрде өтуге құқы барын анықтаған. Заң алдындағы жазасын өтеп болғаннан кейін Қазақстанда қалып жұмыс істеуді қалайтын Алексей Ресейдегі туғандарына қаржылай көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Бүгінде Павлодар облысында елімізде жаңсыз жүргені үшін Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстаннан 66 шетелдік азамат жазаларын өтеп жатыр.

 

Related posts

Датча и Мармарис: маршруты, объединяющие зеленый и синий

Назия Жоямергенқызы

БАЛАЛАРҒА ТЕГІН КӨРКЕМСУРЕТ ҮЙІРМЕСІ

ttjk

«Алтын орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

ttjk