Қазақстан – Орталық Азиядағы ұзақ өмір сүретін ел

2025 жылғы соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан өмір сүру ұзақтығы бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Орташа көрсеткіш 75,4 жасқа жетіп, бұл аймақ елдері арасындағы ең жоғары нәтиже болып отыр.

Мамандардың пікірінше, мұндай жетістікке жетуге медициналық қызметтің сапасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және әлеуметтік қолдау шараларының күшеюі айтарлықтай ықпал еткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары елімізде жүрек-қан тамырлары аурулары мен созылмалы дерттерге қарсы профилактикалық жұмыстар кеңейтілген. Сонымен қатар, халық арасында спортпен шұғылдану мәдениеті мен дұрыс тамақтану әдеті қалыптаса бастаған.

Экономистер мен әлеуметтанушылар бұл үрдісті елдің жалпы өмір сапасының жақсаруының айқын көрінісідеп бағалайды. Білім беру, медицина және экологиялық тұрақтылық бағытында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар өз нәтижесін беріп отыр.

Мысалы, ауылдық жерлерде медициналық орталықтардың көбеюі мен телемедицина жүйесінің енгізілуішалғай аймақтар тұрғындарына дер кезінде көмек алуға мүмкіндік беруде.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның бұл жетістігін аймақтық деңгейде ғана емес, жаһандық тұрғыдан да жоғары әлеуметтік даму көрсеткіші деп атап өтті.


Қазақстанның ұзақ өмір сүру көрсеткіші – елдің тұрақты дамуы мен азаматтарының денсаулығына мән берудің нәтижесі. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын тауып, халықтың өмір сапасын одан әрі арттыруға сеп болмақ.

Related posts

В области Абай торжественно отметили День учителя

ТАРАЗДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ СЕМИНАРЫ БОЛАДЫ

Назия Жоямергенқызы

Мүдделер қақтығысы туралы қорытынды ұсынылмақ

editor