Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе рейстерінің саны арттырылмақ

Қазақстан Президенті «ШЫҰ плюс» форматындағы отырыстың табысты өтуіне конструктивті үлес қосқаны үшін Ухнаагийн Хурэлсухқа ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі. Бізді ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын ортақ мәдени-тарихи құндылықтар мен дәстүрлер байланыстырады.

– Қазақстан мен Моңғолияның ынтымақтастығы өзара құрмет пен қолдау рухында ұдайы нығайып келеді. Елдеріміз арасында сенімді және сындарлы саяси диалог жолға қойылған. Ауқымды шарттық-құқықтық база қалыптасқан, мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңеюде. Орайлы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы бұрын-соңды болмаған су тасқыны кезінде қолдау көрсеткендеріңіз үшін Сізге және барша моңғол халқына ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, тауар айналымын ұлғайту, көлік-транзит әлеуетін арттыру перспективалары талқыланды. Президенттің айтуынша, қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін екі ел үкіметтері сауда-экономикалық ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздегені жөн.

Қазақстанның Моңғолияға шикізаттық емес тауарлар бойынша экспорттық әлеуеті шамамен 100 миллион долларды құрайды. Осыған орай тауар айналымын 500 миллион долларға дейін ұлғайту жөнінде нақты мақсат қоюды ұсынамын. Бұл ретте біз Қазақ-моңғол іскерлік кеңесін құруға және Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасын қабылдауға мүдделіміз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ екі ел арасындағы жол жүру уақытын едәуір қысқартатын автомобиль жолын салу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Related posts

Солтүстік Эгей теңізіндегі әдемі Түркия аралдарын аралаңыз

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан мен Мысыр — экономикалық ынтымақтастықты дамыту

ttjk

ШЕКАРА СЫРТЫНДА ҚАЗАҚША ҮЙРЕТЕДІ

ttjk