Қазақстан мен Франция мәдениет саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жайын талқылады

Қазақстан мен Францияның мәдениет министрлері мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар маңызды келісімге қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары қарсаңында Парижде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.Ведомство мәліметінше, министрлер мәдени қарым-қатынастардағы елеулі ілгерілеуді атап өтіп, екі ел президенттерінің өзара сапарларының бірлескен бастамаларға жаңа серпін беретінін айтты.

Кездесу барысында тараптар музейлер және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы декларациясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Гиме музейі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды қоса алғанда, бірқатар келісімге қол қойды.Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты күшейту және «Courants du Monde» бағдарламасы аясында қазақстандық мамандарға арналған тағылымдамалар ұйымдастыру ұсынылды. Сондай-ақ, музей сараптамасы бойынша тәжірибе алмасу, тарихи мұраны сақтау және музей ісіне жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Екі елдің министрлері креативті индустрия, оның ішінде, сән саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Аида Балаева этникалық сәнге және оның әлемдік деңгейдегі көрсетіліміне назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар министр Лувр музейінің президент-директоры Лоранс де Кармен кездесу өткізді. Кездесу мәдени алмасу мәселелері және Қазақстан мен Франция арасындағы перспективалы жобаларға арналды.

Кездесу соңында екі тарап та бірлескен жобалар мен мәдени алмасу Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтып, халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдететініне сенім білдірді.

Related posts

«Жасыл әлем»- ел болашағының қарқынды кепілі

ttjk

Легионер-спортшыларды бюджет ақшасына қаржыландыру тоқтайды

editor

Michelin Истанбулдагы 53 ресторанды тизмесине киргизди

ttjk