Қазақстан халықаралық банктерден қарыз алмақ

Қазақстан Азия Даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 105 миллиард йен қарыз алады.

Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалды басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы 2024 жылғы 23 қазанда Мәжіліске Үкіметтің қаулысымен енгізілген. Келісімге биыл 23 тамызда Астанада қол қойылды.

«Азия даму банкі Қазақстан Республикасына 52,3 млрд йен қарыз береді. Өтеу мерзімі – он бес жыл, жеңілдік мерзімі 2027 жылдың бірінші маусымына дейін. Қарыз республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңге бекітілген мөлшері аясында ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады», деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, Савельева еліміз Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де қарыз алмақ. Осы заң жобасы бойынша да қаржы комитеті қорытынды әзірлейді. Келісім биыл тамыз айында бекітілген. Халықаралық қаржы ұйымы Қазақстанға 52,7 млрд йен қарыз береді. Бұл ақша да республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңге бекітілген мөлшері аясында ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылатын болады.

Related posts

Месопотамиялық экспресс: Түркиядағы ең жаңа және ең танымал туристік пойыз бағыты

ttjk

Қазақстан-Түркия: білім саласындағы ынтымақтастық

Назия Жоямергенқызы

БИРГИ: 5 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АУЫЛ

Назия Жоямергенқызы