Қазақстан халқының 23 пайызы өзін кедей санайды

Ресми мәлімет бойынша, бүгінде ел тұрғындарының 5,3 пайызының ғана табысы күнкөріс минимунан төмен.

Ал «Атамекен» сараптама қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда өзін кедейлер санатына қосатындардың саны бұл көрсеткіштен анағұрлым көп.

Ұлттық статистика бюросы 2022-жылдың ІІІ-тоқсанында  күнкөріс минимунынан аз табыс табатын қазақстандықтардың саны 1 миллион 34 мың 700 адам екенін айтқан. Осы аралықта күнкөріс минимумы әрбір адамға айына 46 мың 671 теңге көлемінде белгіленген.

Ал Дүниежүзілік банктің «Listening to Kazakhstan» сауалнамасының нәтижесі – елдегі 19 миллион халықтың 23 пайызы өзін кедей қатарына қосқанын көрсеткен.

Статистика бюросының дерегінше, кедейлік деңгейі бойынша алғашқы үштікті Түркістан (9,1 пайыз) мен Маңғыстау (8,8 пайыз) облысы және Шымкент (7,2 пайыз) қалалары бастап тұр.

Сурет: azh.kz

Related posts

At Al-Farabi University, the 3rd International Winter PR School took place

ttjk

Сарыарқа даңғылының учаскесі жөндеуге жабылады

Назия Жоямергенқызы

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Дағдарысқа қарсы біріккен жоспар қажет

ttjk