Қазақстан Елшісі Андорраның Тең Князіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Испания Корольдігіндегі және Андорра Княздігінде қоса атқарушы Елшісі Данат Мұсаев Андорраның Тең Князі – Француз Республикасының Президенті Эмманюэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіздерін жеткізіп, Елші Князьдікпен 2008 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықтың дәстүрлі достық сипатын атап өтті.

Өз кезегінде Э.Макрон 2023 жылы Қазақстанға жасаған сапарын ықыласпен еске алып, Мемлекет басшысына өзінің ізгі тілектерін жолдады. Сұхбат соңында Франция Президенті Елшіге жауапты дипломатиялық миссияда табыс тіледі.

Д.Мұсаевтың Андорраның Сыртқы істер министрі Имма Тор Фауспен жеке кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша сұхбаттастар екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын белгіледі.

Related posts

Карантиннен кейін індет күшейді

ttjk

СТАМБҰЛДАҒЫ АРАСТА БАЗАРЫ

ttjk

Қазақстандық суретшілер үшін үшінші YEMAA Artist Residence жазғы резиденциясына өтінімдер қабылдау басталады