Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттері ұйымының отырысына қатысты

Еліміздің Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бастаған  делегация Бішкек қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер энергетика министрлерінің төртінші отырысына қатысты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Отырыс барысында қатысушылар ТМҰ елдерінің энергетикалық саясатындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын қарады. Сұңғат Есімханов атап өткендей, ТМҰ энергетика министрлерінің кездесуі турбулентті әлемдік оқиғаларды ескере отырып, қатысушы елдер үшін энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін тұрақты дәстүрге айналып келеді.

«Түркі әлемінің мәдени, экономикалық, гуманитарлық хабқа, сондай-ақ энергетика саласындағы сындарлы диалогты дамыту үшін табысты диалог алаңына айналу мүмкіндігіне ие. Бүгін біз ТМҰ-ға мүше барлық мемлекеттермен және бақылаушылармен екіжақты және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты жоспарлы түрде дамытып жатырмыз»,- деп атап өтті вице-министр.

Related posts

Исследуйте Хеттскую тропу и откройте для себя древние сокровища первой империи Анатолии

Назия Жоямергенқызы

The Mesopotamia Express: Türkiye’s Newest and Popular Touristic Train Route

ttjk

Türkiye closes 2024’s 3rd quarter with record-breaking results in tourism

editor