Қазақстан азаматтары Қытай шекарасынан жаяу кіре алады

Абай облысында жаяу жүргіншілерге арнап Бақты кеден бекеті ашылды. Енді Бақты кеден бекеті арқылы жаяу жүргіншілер Қытайға өте алады.

«Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді», деп жазылған өңір әкімдігінің таратқан хабарламасында.

Салтанатты ашылу рәсіміне Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Асхат Ахметов қатысты. Қытай тарапынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының лауазымды өкілдері қатысқан. Бақты кеден бақылау бекетіндегі терминалдарды қайта жаңғырту жұмысы аяқталғанға дейін туристер белгіленген тәртіпте қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатынайды. Сонымен қатар жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етілмек. Ал халықаралық жолаушы тасымалдауға арнайы рұқсаты бар көлікпен ғана кіріп шыға алатыны да айтылған.

Related posts

В Атырау открылся Fab Lab

Президент тапсырмасы орындалмайтын болды

editor

Голливудская звезда влюбился в Стамбул

ttjk