Қазақ күресінен бес спортшы алтынға үмітті

Қазақ күресінен ұлттық құраманың бес спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Ерлер: Ерсұлтан Мұзаппаров (100 келі) пен Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг) финалда күреседі. Ал 90 келіде Ерасыл Жанатаев қола жүлдеге таласады. 82 келіде сынға түскен Ерсін Сейітқазы алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді.

Әйелдер: Зарина Сарипова (65 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі) финалға шықты. Ал +77 келіде Альбина Бахиева қола жүлде үшін күреседі.

Қазақ күресінен алғашқы жарыс күні сынға түскен қазақстандық сегізспортшы алтын жүлдеге ие болды.

Related posts

II СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САММИТІ — БҰРСА

ttjk

Кураштан жеті спортшы жартылай финалға жолдама алды

editor

Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

editor