Ауруханадағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы қалай?

Қаңтардың 20-күні ауруханаға түскен тұңғыш президент Нұрсұлтан Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы жақсы. Бұл туралы кордиохирург-дәрігер Юрий Пя айтты,-деп хабарлайды Қазқапарат агенттігі.

«Емдеу процедурасы өткен жылы жоспарланған болатын. Пациенттің жұмысбастылығына байланысты процедураны ыңғайлы уақытта өткізу туралы шешім қабылдады. Таңдау бүгінге түсті. Айта кететін жайт, кез келген пациент кейбір медициналық ақпаратты жария етпеуге құқылы. Нұрсұлтан Назарбаев емдеу процедурасынан сәтті өтті. Пациенттің қазіргі жағдайы жақсы», — деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя елордада өткен брифингіде.

Пяның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевқа операция жасалмаған. Ол емдеу-диагностикалық процедурадан өткен. Ем-дом шарасы 2,5 сағатқа созылған. Пациент 1-2 күнде ауруханадан үйіне шығарылады.

Бұған дейін тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында: «Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ота Ұлттық кардиохирургия орталығында танымал кардиохирург Ю. Пяның жетекшілігімен жасалды», — деп жазған еді.

Сурет: zakon.kz

 

 

 

Related posts

Диярбакыр — Месопотамияның көне қаласы

ttjk

ОКТАЙ: Жарылысты әйел адам жасады

ttjk

“Рантальяда” мыңдаған желаяқ жарысты

ttjk