Астананың Байқоңыр ауданында орналасқанКирпичный елді мекеніне газ берілді

Енді бұл аумақтағы тағы 255 үй табиғи газғақосылу мүмкіндігіне ие болды.


Газ беру рәсіміне Байқоңыр ауданының әкіміТалғат Рахманберді, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры УәлиханҚымбатов пен ұлттық компаниясының өкілдеріжәне жергілікті тұрғындар қатысты.


«Кирпичный – негізінен өнеркәсіптік аймақ, мұндажеке үйлердің пештері жағылып, жиі түтіншоғырланып қалатын. Газдандырудың арқасындаэкологиялық жағдай едәуір жақсарып, ауа сапасытазарады. Жергілікті тұрғындарды осы қуаныштыоқиғамен құттықтаймын. Астана енді толықгаздандырылған қала деп айта аламыз. Жалпы 255 үйге табиғи газ жеткізіледі, қосылу кезең-кезеңменжүргізіледі. Қазірдің өзінде 15 үй қажеттіқұжаттарын алды», – деді Талғат Рахманберді.


«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістікфилиалының директоры Уәлихан Қымбатовтыңайтуынша, Кирпичный алабын газдандыру үшінЖЭО-1-ден жоғары қысымды 18 шақырымдық газ құбыры тартылған.


255 үйді газбен қамту үшін қажетті қысымдытұрақты ұстап тұратын екі шкафтық газ реттеупункті орнатылды.


«Газ құбырының өткізу қабілеті сағатына 5 мыңтекше метрден асады. Газға қосылу үшін төртқұжат қажет: жеке куәлік, техникалық паспорт, жерактісі және үйдің меншік құжаттары. Өтінішті eGovарқылы онлайн техникалық шартқа өтініш қалдыра беруге болады», деді Қымбатов.


Сонымен бірге, Астанадағы «QazaqGaz Aimaq» филиалының тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық-диспетчерлік қызметі бар. Мамандар тұрғындарғатұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелерін де үнемі түсіндіріп отырады.


Айта кетейік, Астананы газдандыру 2019 жылыбасталды. Жеке үйлермен қатар, жылу электрорталықтары да көгілдір отынға көшірілді. 2025 жылдың басында «Family Village» тұрғын алабыгаздандырылды, ал Республика күніне орайТельман тұрғын алабы газ жүйесіне қосылды. Қазірелордада ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, сондай-ақ«Оңтүстік-Шығыс» және «Тұран» газ қазандықтары табиғи газбен жұмыс істеп, жылумен ыстық су өндіреді.

Related posts

Алматыда XIII республикалық «Media Құрылтай» өтеді

ttjk

İstanbul’s Iconic Atatürk Cultural Center Welcomes Award-Winning Installation

Назия Жоямергенқызы

В области Абай проект «Салауатты сана» охватил более 2 тысяч человек