Астанадағы LRT желісі Қосшы қаласына дейін ұзартылады

Астанада құрылысы аяқталуға таяп қалған LRT (жеңіл рельсті көлік) жобасы алдағы уақытта Қосшы қаласына дейін жалғасатын болды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының «Үркер» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Қосшыдан елордаға күн сайын шамамен 15–20 мың автокөлік қатынайды.

«LRT жобасы жалғасын табады. Келесі кезеңде ол Қосшы бағытында салынады. Себебі Қосшыдан Астанаға күн сайын мыңдаған көлік кіреді. Бұл қала — елордаға жақын орналасқан серіктес аймақ, сондықтан көлік ағынын азайту және жол жүктемесін жеңілдету маңызды», — деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, жобаны Қосшы бағытына ұзарту қаржылық тұрғыдан да тиімді шешімболмақ.

«LRT желісінің екінші бөлігі Тұран даңғылына дейін созылып, ескі теміржол вокзалына жетеді. Қосшы бағытындағы құрылыс келесі жылдың басында басталады деп жоспарланып отыр. Ең ұзақ мерзім — шамамен бір жарым жыл», — деді қала басшысы.

Related posts

34 млн теңгені жымқырған үш бухгалтерге сот үкімі шықты

editor

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: бассейндік су инспекциялары қандай өкілеттіктерге ие?

Halyk басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті

Назия Жоямергенқызы