Көру қабілетінен айырылған балаларға арналған кітап тұсаукесері
Астанада білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне тиімді қосуға мүмкіндік беретін инклюзивті білім беру ресурстық орталығының ашылды. Ресурстық орталықты № 43 қосымша білім беру мектеп-орталығы негізінде «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен ашты.
Ресурстық орталық – бұл мұғалімдерге оқу процесінде инклюзия принциптерін жүзеге асыруға көмектесуге және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін мектепте кедергісіз әлеуметтік орта жасауға бағытталған мектеп кеңістігінің бөлігі. Осындай орталықтардың негізінде балалармен жұмыс жүргізіліп, ата-аналарға кеңес беріледі, сондай-ақ мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленуі мүмкін.
«Жалпы білім беретін мектептерде оқитын ерекше қажеттіліктері бар балалар көбінесе мамандардың қолдауына, мезгіл-мезгіл демалуға және релаксацияға мұқтаж. Осының барлығы ресурстық орталықтарды – психолог, логопед, дефектолог және басқа мұғалімдер балалармен айналысатын кеңістікті әзірлеу кезінде ескеріледі. Осы тәсілдің арқасында балаларға оқу процесіне қосылу оңайырақ», — деп «Дара» қорының өкілі Сәуле Бексұлтанова атап өтті.
Мұнда даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін жалпы пәндер мұғалімдері де, сондай-ақ ата-аналар да кеңес ала алады. Сонымен қатар, ресурстық орталықта үйде оқытылатын балаларды әлеуметтендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа ресурстық орталық арнайы жиһаздармен және дамытушы материалдармен жабдықталған, онда эмоционалды демалу аймағы, жеке және топтық жұмыс аймақтары және басқалары орналасқан. Ағымдағы уақытта № 43 мектептің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметіне ерекше қажеттіліктері бар 16 балаға қолдау көрсететін психолог, педагог-ассистент, әлеуметтік педагог, логопед-дефектолог кіреді.
Сонымен қатар, 27 ақпанда Астанада зағип балаларға арналған «Елдер мен континенттерге саяхат» дыбыстық жолақтары мен иллюстрациялары бар аудиокітаптың тұсаукесері де өтті. Кітап көру қабілетінен айырылған балаларға білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Әлемді ашамыз» жобасы аясында алғаш рет қазақ тіліне аударылып, дыбысталды.
Кітап «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Дара» қорының «Әлемді ашамыз» жобасы аясында аударылып, дыбысталды. Тұсаукесер аясында қонақтар көру қабілеті нашар балаларға арналған «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасына, сондай-ақ Ж. Тәшенев атындағы № 10 мектеп-гимназиясына барды. Аталмыш мектепте бұған дейін жоба аясында көру қабілетінен айырылған және нашар көретін балаларға арналған арнайы сыныптар ашылған болатын. Іс-шара барысында оқушылар кітаптан үзінділерді оқып, әсерлерімен бөлісті.
«Біздің қор «Елдер мен континенттерге саяхат» кітабын қазақ тіліне поэтикалық формада аударып, дыбыстады. Кітап «ақылды» қарындашпен жабдықталған, оның көмегімен балалар өздерін қызықтыратын үзіндіні таңдап, кітап беттерін тыңдай алады. Кітапқа тактильді түрде зерделеуге болатын көлемді иллюстрациялар, елдер мен континенттер туралы ақпарат, әлем халықтарының ертегілері мен астарлы әңгімелері енгізілген», — дейді «Дара» қорының жобалар мен бағдарламалар директоры Марал Шешембекова.
Балалар кейіпкерлердің шытырман оқиғаларына бой алдырып, жаңа мәдениеттермен танысқанда, қағаз беттерге емес, әлемге саяхат жасағандай сезінулері, кітап суреттеген атмосфера мен шынайы эмоцияларды сезінулері үшін, кітапты кәсіби актерлар дыбыстады.
Кітап көшірмелерін тек елордалық балалар ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның тағы 16 қаласының бала бақшалары, арнайы мектеп-интернаттары мен арнайы кітапханалары алды.
Анықтама үшін
«Шеврон» — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Прогресс үшін сенімді, қол жетімді және таза энергия қажет деп санаймыз.
«Шеврон» Мұнай және табиғи газ өндірумен, ЖЖМ, мұнай-химия өнімдері мен қоспалар өндірумен айналысады және біздің бизнес пен саланы дамыту үшін технологияларды әзірлейді. Біздің мақсатымыз-Мұнай және газ саласындағы дәстүрлі бизнесімізді дамыту, біздің қызметіміздің көміртегі сыйымдылығын төмендету және жаңартылатын отын, сутегі өндірісі, көміртекті алу, офсеттерді және басқа да инновациялық технологияларды пайдалану сияқты бизнестің жаңа төмен көміртекті бағыттарын дамыту. «Шеврон» компаниясы туралы қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз www.chevron.com.
«Дара» қоры – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың және балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды іске асыратын қайырымдылық жеке қоры.