Қаржы пирамидаларынан келген шығын 20 миллиард теңгеден асты

Жыл басынан бері ҚМА 20 миллиард теңгеден аса шығын анықталған, қаржы пирамидаларын құру және басқару деректері бойынша 68 қылмыстық істі тергеген.

Қазір 13 миллиард теңгеден аса қаражат өтелді. Бұл туралы ҚМА мен Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырылған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болып отыр. Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталып, оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылған. Шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған.

Биыл әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталғаны белгілі болып отыр. Вебинар барысында қатысушыларға жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер хабардар етілген.

Оның ішінде тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету, жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту, интернетте белсенді жарнама жасау, компанияның Қазақстанда тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі, заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы), салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау. Еске сала кетсек, агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы. Егер азаматтардың өзі және жақындары қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуге болады. Сондай-ақ құзырлы органдар азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырады.

Related posts

Стамбулдың сұлулығын қыркүйекте сезініңіз

editor

Полиция қызметкеріне пара ұсынып, қылмыстық жауапқа тартылды

editor

Конья: Бейшехир Есрефоғлу мешіті

ttjk