«Қапланбек — Науаи» бақылау-өткізу бекеті жұмысын бастады

2023 жылы жөндеуге жабылған қазақ-өзбек шекарасындағы «Қапланбек — Науаи» бақылау-өткізу бекеті жұмысын қайта бастады. 

«Екі мемлекеттің кеден қызметтері арасындағы келісімге сәйкес «Қапланбек» өткізу пункті жаяу жүргіншілер, жеңіл автокөлік және автобустарды өткізу үшін ашылады. Бұл шешім Өзбекстан тарапындағы «Гишт-Куприк» өткізу пунктінің (Қазақстан тарапында «Жібек жолы») 1 ақпаннан бастап 2 айға жабылуына байланысты қабылданды», деп мәлімдеді Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі. Сондықтан қос елдің кеден қызметтері азаматтарға сапарын алдын ала жоспарлауды ұсынады.

Қазір екі ел арасындағы «Қонысбаев» — «Яллама», «Қазығұрт» — «Наджимов», «Атамекен» — «Гүлістан» шекараларында көліктерге арналған келесі бақылау-өткізу бекеттері жұмыс істеп тұр.

Related posts

АСТАНАДА PRO.NRG FEST ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы

Türkiye: Regarding the Devastating Floods in Kazakhstan

ttjk

Rio de Janeiro Vacations 2017: Package & Save up to $603

ttjk