Апатқа ұшыраған ұшақтың жазу құрылғылары тоқтап қалған

Былтыр жыл соңында Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында бортында 181 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде 47 адам қаза тауып, тағы көп адам жараланған еді.

Кейіннен Бангкоктан Муанға ұшқан Jeju Air Boeing 737-800 ұшағы құстар тобымен соқтығысқанын хабарланған. Ұшақ әуежайдың бетон қоршауына соғылып, өртке оранған.

Бүгін ел билігі «қара жәшік» жазбаларының тоқтауына не себеп болғанын талдауды жоспарлап отыр. Әзірге ұшуды жазу құрылғылары АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің зертханасына жіберілген. Сенбі күні Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі  ұшақтың жазу құрылғылары апатқа 4 минут қалғанда тоқтап қалғанын мәлімдеді.

Related posts

АЛМАТЫДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАРЫ

ttjk

ГОРДИОН ЮНЕСКО МҰРАЛАРЫ ҚАТАРЫНДА

Назия Жоямергенқызы

Қарулы күштері жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі

editor