Антикорға ақша ұсынғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалады

Мәжілістің жалпы отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов пара алу үшін қылмыстық жаза енгізуді ұсынды.

Бұл ұсыныс заң жобасының негізгі бастамаларының бірі болып отыр. «Қылмыстық кодекске пара ұсынуды, оны беруге уәде етуді криминализациялау бойынша түзетулер, біріншіден, Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау үшін заң жобасына енгізілген. Осы жоспардың 41-тармағына сәйкес Агенттікке пара ұсынғаны, оны беруге уәде еткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуді көздейтін заң жобасын Мәжіліске енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды», деді ол.  Себебі бұл мәселе 16 жылдан бері күн тәртібінде талқыланып келеді.

«Пара ұсынуды және оны беруге уәде етуді криминализациялау бойынша ұсынымдар экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы сарапшыларының есептерінде тұрақты негізде қамтылған. Мәселен, экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Ыстамбұл іс-қимыл жоспары 5-раунд мониторингінің ұсынымына сәйкес, Қазақстанға пара ұсынғаны және оны уәде еткені үшін қылмыстық жауаптылық белгілеу ұсынылды», дейді ол.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес Агенттік келесі жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының шетелдік лауазымды адамдарды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенциясына және Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясына қосылуды көздеп отыр.

«Бұл ретте, осы конвенциялар барлық қатысушы елдерді пара беру уәдесін, ұсынысын, талабын криминализациялауға міндеттейді. Пара беруге пара ұсынуды, оны уәде етуді қылмыс деп тану бойынша түзетулерді пысықтау барысында алыс және жақын шет елдердің халықаралық тәжірибесі мұқият зерделенді»,  деді агенттік өкілі.

Related posts

Электр энергиясының тарифтері өседі

editor

Bangkok Travel Guide — Things To Do & Vacation Ideas

ttjk

Мерекелік дастарханнан салмақ жинамаудың амалдары немесе жаңа жылдық тамақтануға қатысты ТОП 10 «лайф-хак»

ttjk