Алтын-күміс иеленген бүркітшілерге автокөлік сыйланды

«Құсбегілік» спорт түрі бойынша екі күн қатарынан өткен жарыс өз мәресіне жетті.

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегілік жарысынан алтын және күміс жүлде иеленген бүркітшілерге автокөлік сыйға берілді.

Демеушілердің қолдауымен федерация бүркіт салу санатында жеңімпаз атанған Серікбек Күнтуғанға автокөлік кілтін сыйға тартты. Сондай-ақ компания басшысы бүркіт салудан екінші орын алған жерлесі Ерзат Байқадамовқа да өзінің атынан темір тұлпар табыстады.

Тартысты доданың қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальді қанжығаларына байлады.Бүркіт салу санатында бірінші орынды ұлттық құрама мүшесі Серікбек Күнтуған «Алғыр» құсымен иеленді. 2 жаттығу бойынша өткен тартысты бәсекеде екінші орынға «Заңғар» құсымен Ерзат Байқадамов шықты. Ал «қола» медальді құсбегі Арман Қошқаров «Нарын» атты бүркітімен еншіледі.

Related posts

Бесасықтан әйелдер құрамасы финалда

editor

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай жүріп жатыр?

Назия Жоямергенқызы

Тоғызқұмалақтан ел құрамасы үш алтын медаль иеленді

editor