АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА 2 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2 млрд теңгеге жуық жеңілдікті несиеге ие болды.

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы — «Almaty» МҚҰ» ЖШС жарты жыл ішінде Алматының шағын және микро бизнес субъектілеріне 1,9 млрд. теңге сомасына 60 жеңілдікті несие берді. «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында бизнестің жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген өкілдері істі дамыту үшін жылдық 2%*, 6%* (кепілді) немесе 12%* (кепілсіз) жеңілдікті мөлшерлеме бойынша несиеге ие болды. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабуға бөлінеді.

МҚҰ-дағы қарыздың шекті сомасы 73 840 000 теңгені құрайды, мерзімі 7 жылға дейін. Биылғы жылы ең көп қарызды өндіріс және қайта өңдеу жобалары бар кәсіпкерлер алды – 32%, екінші орында – халыққа қызмет көрсету жобалары (13%), үшінші орында – денсаулық сақтау (12%). Одан әрі әлеуметтік және білім беру бастамаларын қолдау бар (әрқайсысы 10%). Сондай-ақ, креативті экономика, сауда, туризм және спорт жобалары қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

«Алматы» МҚҰ» ЖШС 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында МҚҰ 2 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 540-тан астам шағын және микро бизнесті қаржыландырды. Қазіргі уақытта жеңілдікті қаржыландырудың жалпы сомасы 12 млрд теңгеге жақындап келеді», — деп атап өтті «Almaty» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 номері арқылы немесе https://mfoalmaty.kz/ сайтынан біліңіз.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және жылдық 13% аспайды.

Related posts

ҚазҰМУ кафедрасына Сәкен Нұғмановтың есімі берілді

ttjk

Валентин күнін Жерорта теңізіндегі жанға жайлы әрі жылы аймақ — Антальяда қарсы алыңыз

ttjk

ForteMarket серіктестер үшін комиссияны алып тастайды және жаңа клиенттерге 10 мың теңге береді

ttjk