Алматыда жер сілкінісі болды

Бүгін, 4 желтоқсанда Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін байқап, сезім алғанын хабарлады.

Қала тұрғындарының телефондарына сейсмикалық ескерту жөнелтілген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің ақпаратынша, Астана уақытымен 12:44-те жер асты дүмпуі тіркелген. Зілзаланың эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 277 шақырым қашықтықта орналасқан.

Хабарламада:
«Зілзаланың координаттары: 41.021 — солтүстік ендік, 78.387 — шығыс бойлық. Тереңдігі – 5 км. Энергетикалық класы – 14.0. Магнитуда MPV 6.7», – деп көрсетілген.

Жер асты дүмпулерінің MSK-64 шкаласы бойынша сезілу деңгейі төмендегідей:

  • Алматы қаласы – 3 балл.

  • Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 3 балл.

  • Кеген ауданы, Кеген ауылы – 3 балл.

  • Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы – 3 балл.

  • Талғар қаласы – 3 балл.

  • Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 3 балл.

  • Түрген ауылы – 3 балл.

  • Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 3 балл.

  • Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 3 балл.

  • Маловодное ауылы – 3 балл.

  • Ж. Қайыпов ауылы – 3 балл.

  • Шелек ауылы – 3 балл.

  • Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы – 2 балл.

  • Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы – 2 балл.

  • Іле ауданы, Боралдай ауылы – 2 балл.

  • Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы – 2 балл.

  • Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы – 2 балл.

  • Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл.

  • Қонаев қаласы – 2 балл.

  • Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл.

  • Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 2 балл.

  • Жамбыл облысы, Қордай ауылы – 2 балл.

  • Жетісу облысы, Текелі қаласы – 2 балл.

Related posts

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ СТАМБҰЛДА “БІРЛІК” ҰЙЫМЫН ҚҰРДЫ

ttjk

АЛМАТЫДАҒЫ МЕДИА ФОРУМ: «ЖАҢА ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ: БАҚ-ТАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ»

Барселона көшелерінде Димаш Құдайбергеннің суреті бар автобустар жүріп жатыр

Назия Жоямергенқызы