Алматыда жаңа жұмыс орындары ашылды

Оңтүстік астанада кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 656 қаржыландырылған жоба және 2,7 мың жаңа жұмыс орны жұмысын бастады.

Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша «Алматы» ӘКК – нің еншілес компаниялары — «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» МҚҰ ЖШС арқылы 36,3 млрд теңгеге 656 жоба қаржыландырылды. Ал ісін енді бастаған және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындарға бизнесті бастауға немесе дамытуға жеті жылға дейінгі мерзімге жылдық 2% және 6% жеңілдікті мөлшерлемемен қарыздар берілген.

Өнеркәсіптік, инновациялық, экспортқа бағдарланған жобалар, креативті индустрия, шағын өнеркәсіптік парктер (ЖПП) жобалары, бұдан басқа, Алматының арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарының аумағында іске асырылатын жобаларға басымдық беріліп отыр.

Биыл бірінші жартыжылдықта Almaty Finance және «Almaty» МҚҰ қала бойынша 4,5 млрд теңге сомаға 55 жобаны қаржыландырса, осы жобалар аясында 348 жұмыс орнын (690 жұмыс орны) құру көзделуде. Ал шағын өнеркәсіп парктерінің құрылысын қаржыландырумен қатар, бизнесті дамытуға арналған қарыздарды өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика және туризм салаларындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер алды. Бұдан бөлек, спорт және халыққа қызмет көрсету саласындағы жобаларға да қаржы бөлінген.

Айта кету керек, биыл Almaty Finance несиесінің ең жоғары сомасы 500 млн теңгені, ал «Almaty» МҚҰ — да-73,8 млн теңгені құрайды.

Related posts

ЦЕРЕМОНИЯ ЧЕСТВОВАНИЯ ЛУЧШИХ ОФИЦЕРОВ

Назия Жоямергенқызы

Алматыда 660-қа жуық жоба қаржыландырылған

editor

400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

Назия Жоямергенқызы