Алматыда 10 жылдан астам жөндеу жүргізілмеген аулалар абаттандырылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен кездесу барысында Әуезов ауданындағы, Жандосов көшесі, 59/1, 59Б, 59В көшесіндегі 10 шағын аудандағы аула аумағын күрделі жөндеумен танысты.

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев қала басшысына құрылыс — монтаж жұмыстары маусым айында басталып, биыл қазан айында аяқталады деп есеп берді. Оның айтуынша, күрделі жөндеу «АлматыБасЖоспар» ҒЗИ аула аумақтарын абаттандыру бойынша бекіткен әдістемелік құрал негізінде жүргізіледі.

Аулаларды аралау барысында Ерболат Досаев спорттық және балалар ойын алаңдарын жаңғыртуды, спорт алаңын жаңартуды, орындықтармен демалыс аймақтарын жабдықтауды тапсырды. Алматы әкімі қауіпсіздік пен жайлылық сияқты өлшемдерге ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, әкім барлық аула нысандарын бірыңғай кешенге біріктіру керектігін айтты.

Аула тұрғындары Ерболат Досаевқа аумақты абаттандырғаны үшін алғыс айтып, әкімнен орта жастағы адамдарға арналған тренажерлер орнатуды сұрады. Ерболат Досаев аудан басшылығына жергілікті тұрғындардың өтінішін орындауды тапсырды.

Айта кетерлігі, 10 шағын аудандағы 59/1, 59Б, 59В үйлер 1967 және 1969 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Соңғы рет мұнда жөндеу жұмыстары 14 жыл бұрын – 2010 жылы жүргізілді.

Халықтың тығыздығы және көпқабатты тұрғын үйлердің көптігі байқалатын Әуезов ауданында аулаларды абаттандыру және жаңғырту бірінші кезектегі мәселелердің бірі болып табылады. Өткен жылы ауданда Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 150-ден астам аулаға жөндеу жүргізілді, ағымдағы жылы 23 аулаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға 1,6 млрд теңге бөлінді.

Related posts

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынбаған

editor

Халық банкінде 10 минутта есепшот ашыңыз

ttjk

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

editor