Алматы облысында табиғи інжу-маржандар 370 мыңнан астам туристі тартты

2023 жылы Алматы облысы туризм саласына негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойынша жаңа рекорд орнатып, 60,05 млрд теңгеге жетіп, Қазақстанда екінші орынды иеленді. Бұл жетістік жеке инвестициялар арқылы қаржыландырылған 13 жобаның жүзеге асырылуымен расталып отыр. 2024 жылы аймақ өзінің туристік әлеуетін дамытуды белсенді түрде жалғастырып, халықаралық аренада насихаттауға ерекше көңіл бөлуде.

«Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан туризмі жылы» аясында Алматы облысы Пекинде өзінің ТОП-20 туристік нысандарын таныстырып, қытайлық туроператорлармен іскерлік келіссөздер өткізді. Наурыз айында облыс Вьетнамның Кханьхоа провинциясының Қазақстандағы туризм мен сауданы дамыту конференциясына қатысып, достық қарым-қатынастар мен туристік байланыстарды нығайту үшін өзара сапарға ресми шақырту алды.

Айта кету керек, Алматы облысы тек халықаралық іс-шаралармен шектелмейді. Аймақта агротуризм, қолөнер және креативті индустрия белсенді түрде дамып келеді. Осы бағыттардың дамуына серпін беру үшін «Алтын Адам креативті орталығы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«2024 жылдың алғашқы бес айында 370 мыңнан астам саяхат пен шытырман оқиғаларды ұнатушылар Қазақстан табиғатының інжу-маржандары – Іле өзені, Қайыңды көлі, Шарын каньоны және Қаскелең шатқалына барды. Бұл табиғи көрікті жерлердің сұлулығы мен бірегейлігі әрқашан саяхатшылардың жүрегіне жол табатынын көрсетіп отыр», – деп атап өтті Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуаныш Мирамбекұлы.

Related posts

УНИВЕРСИТЕТ КАЗГЮУ ПЛАНИРУЕТ СОЗДАНИЕ НОВОГО ВУЗА В УЗБЕКИСТАНЕ

ttjk

БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

ttjk

HALYK BANK БІРЖОЛҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ

ttjk