Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады

ТЖД мәліметінше, Алматы облысының тауларында 2-5 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. Облыс аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

«Департамент азаматтардан, туристерден қар көшкіні болуы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», деп хабарлайды облыстық ТЖД Баспасөз қызметі.

 

Related posts

Journalism education issues discussed at TDM

ttjk

Am Best «Халық-Life» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингісін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін растады

ttjk

В области Абай высажено 5 тысяч саженцев деревьев