Алматы — Қазақстанның экономикалық драйвері

Алматының жарты жылдағы экономикалық көрсеткіші көңіл қуантады. Биыл да әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны өте жоғары. Халықтың әл-ауқаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тиімді нәтижесін беріп жатыр. Ең бастысы жұмыс орындары ашылып, тұрғындар арасында екі қолға бір күрек тауып жатқаны қуантып отыр.

Алматыда барлық салада әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш оң динамиканы көрсетеді.Мәселен, былтыр қала экономикасы 10,1 пайызғаөсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Экономиканы дамытудың драйверлері: өңдеу өнеркәсібі 17,5% -ға, сауда 14,5 пайызға, қаржы және сақтандыру қызметі 12,0%, ақпарат және байланыс 11,3%,жылжымайтын мүлікпен операциялар 6,9%, көлік және қоймалау 5,7% пайызға өсті. Бұл мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүргенін көрсетеді. 2023 жылы Алматы қаласына 1,8 трлннегізгі капиталға салынған инвестиция 25,3% артса, бұл ретте жеке инвестиция 35,5 пайызға өскен екен. Былтыр шағын және орта бизнес субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнімін шығарған. Белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлікке тең көрсеткішке жетті. Ал бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2% -ға артық екенін байқауға болады. Сондай-ақ экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін екі жыл бұрынғы 5,0%-дан былтыр 4,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде Алматы қаласының еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6%-ға дейін өскенін айғақтайды.

Биыл бірінші тоқсанда Алматының жалпы өңірлік өнімі 4,7% өсіп, 5,3 трлн теңгеге жетті. Айталық, көлік, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, байланыс және сауда сияқты салалар өсімнің драйверлеріне айналды. Осылайша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 0,6%-ға өсіп, 102,4%көрсетті. Биыл қала экономикасының өсімі 5,5% деңгейінде болады деген болжам бар.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, биылға арналған қала бюджеті 1,62 трлн теңгеден астам мөлшерде бекітілді. Соның ішінде ағымдағы шығыстарға бюджеттің 68,4% бағытталмақ. Бұл 1,1 трлн теңгеден асады. Қаланың даму бюджеті 233 млрд теңге болып отыр. Қала әкімі атап өткендей, шаһардың бюджеті әлеуметтік салаға бағытталуын сақтайды және бірінші кезекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматының орта мерзімді дамуының негізгі бағыттары бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталады. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға, білім беру және денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аударылады.

Халық саны ең тығыз орналасқан мегаполиске әлі де көшіп келушілер көп. Бұл орайда жұмыс орындарының көптеп ашылып, жұмыссыз жүрген адамдардың қолына бір күрек табу маңызды. Сондықтан халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да ерекше бақылауда ұсталады. Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Алматылықтардың орташа айлық жалақысы бүгінде 16,4% өсті Алматының Экономика басқармасы тұрғындардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларды жалғастырып келеді. Себебі, жұмыссыздық мәселесі шешімін тапса, қала экономикасына да оң әсерін берері сөзсіз. Мәселен, биыл маусым айында жылдық инфляция мамырдағы 9%-дан 8,4%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7%-ға және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6%-ға дейін төмендеуі есебінен болды. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-7,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр. Биыл бірінші тоқсанда номиналды ақшалай кіріс орта есеппен әрбір алматылыққа 22,9% өсіп, 287 мың теңгеге жетті. Нақты мәнде өсім 11,9%.-ға тең деген сөз.

Орташа айлық жалақы 454 мың теңге болып, номиналды мәнде жалақы 16,4%-ға өскен. Алдағы уақытта да тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аударылып отыр. 32,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 75%-ы тұрақты. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеген. Шаһардың экономикалық жағдайын жақсартуда атқарылып отырған шаруалар жемісті жүзеге асқаны тұрғындардың әл-ауқатын көтере берсе, құба құп.

Related posts

Бала асырап алушыларға талап күшейтіледі

editor

Тазалық акциясы тәлімге бастайды

ttjk

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ

ttjk