Алматыға тағы 6 мың камера орнатылады

Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Қазір жүйеге 45,2 мың бейнекамера қосылған, олардың ішінде 616 мемлекеттік және 240 жеке нысан бар.

Келер жылы мегаполисте цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр. Қалалық мәслихаттың берген мәліметінше, 2025 жылы жаңа бюджет аясында қаражат халық көп жиналатын орындар мен «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніндегі 6 мың камераны техникалық қызмет көрсетуге бағытталады деп жоспарланып отыр. Бұл кешендердің жұмысы нәтижесінде мегаполисте көлік апаттарының саны 17%-ға, ал жол апатынан қаза тапқандар саны 40%-ға азайған. Қазір қалада осындай 1 641 кешен жұмыс істейді. Биыл 9 айда Алматыда 3 млн астам құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 18,7 млрд теңгеден астам айыппұл бюджетке өндіріліпті.

Жобаның негізгі мақсаты – қаланың барлық бейнебақылау камерасын біріктіру үшін бірыңғай платформаны енгізу. Бұл бейнеағындарды нақты уақыт режимінде талдауға және оларды түрлі міндеттер үшін пайдалануға мүмкіндік бермек. Сондықтан келесі жылы Алматыда цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.

Related posts

«Халық-Life» АҚ-ы бірінші болып мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыруға лицензия алды

ttjk

Алматыда «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды (фото)

ttjk

Пришло время забронировать незабываемый семейный отдых в Турции.

ttjk