Алатаудағы қоқыс полигонындағы өртке байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі алынып тасталады

Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өрт салдарынан бір жарым ай бұрын енгізілген төтенше жағдай режимі жақын уақытта күшін жояды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әкім аппараты тиісті қаулы жобасын дайындап, оны «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жариялады. Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 18 қыркүйекте қабылданған «Алатау қаласында жергілікті деңгейде техногендік төтенше жағдай жариялау туралы» шешімнің күші жойылады деп көрсетілген.

Құжат авторларының мәлімдеуінше, төтенше жағдай режимін алып тастау қалпына келтіру іс-шараларын жалғастыруға және бұрын енгізілген шектеулерді тоқтатуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйек күні таңертең Алматы облысындағы қоқыс полигонында ірі өрт шыққан болатын. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және полиция департаменті жұмылдырылған.

Бірнеше күннен кейін, 18 қыркүйекте, өрттің салдарын жою мақсатында қалада жергілікті деңгейде техногендік төтенше жағдай режимі жарияланған еді.

Фото: Nur.kz

Related posts

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ

ttjk

СЫР ЕЛІ ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫН

Назия Жоямергенқызы

Аты аңызға айналған «Көк саяхатта» Түркияның таңғажайып жағалауды таныңыз

Назия Жоямергенқызы