АЛАНЬЯДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

Түркітілдес журналистер қоры Аланья Журналистер одағымен 2018 жылы кәсіби ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Бүгін Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Аланья қаласында Аланья Журналистер одағының төрайымы Гайе Джошкун ханыммен кездесіп, Меморандумды жаңалады.

Аталған құжат шеңберінде Қазақстан мен Аланья бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы кәсіби бірлікті нығайту, жас журналистердің тәжірибе жинақтауы, Қазақстан мен Аланьяда БАҚ өкілдері үшін пресс турлар, семинар-тренинг, вебинар, конференциялар т.б шаралар ұйымдастыру, медиаға қатысты маңызды жобаларды бірге атқару қамтылды. Аланья Журналистер одағы 1994 жылы құрылған. Ұйымға 2 күнделікті шығатын газет, 4 телеарна, 16 Интернет сайты, “Анадолы агенттігі, TRT, İHA, DHA ақпарат агенттіктерімен бірге жалпы саны 124 мүшесі бар.

Related posts

Абай облысында өңірдің өркендеуіне еңбек сіңірген азаматтарға құрмет көрсетілді

Наслаждайтесь свежими летними ароматами Турции!

Назия Жоямергенқызы

ИЗМИР, БОДРУМ, СТАМБҰЛДЫҢ АСПАЗДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ — MICHELIN НҰСҚАУЛЫҒЫНДА

Назия Жоямергенқызы