Қаланың қарыштауы қаржы ұқыптылығын көрсетеді

Алматы қаласы әкімдігі соңғы бес жылда жергілікті бюджеттің кірісін едәуір ұлғайтқанына қарамастан, оны толықтыру бойынша жұмысты да тоқтаусыз жүргізіп келеді.

Биыл да жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтері іздестірілді. Біріншіден, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды ұлғайтуға ден қойылған. Полиция департаменті әкімшілілендіруден түскен айыппұлдарды жақсартуы нәтижесінде былтыр айыппұл14,9 млрд. теңге болып, өткен жылға қарай 4,9 млрд. теңгеге өсті.

Екіншіден, қаладағы базарлардың саудасын көлеңкеден шығаруға ден қойылған. Екі жыл бұрын қала базарларының 50%-ы ғана ашық және мәлімделген жылдық табысқа сәйкес келетіні анықталды. Осыған байланысты, МКД көлеңкелі бизнестің деңгейін төмендету үшін сауда базарларына төлқұжаттау жүргізу тапсырылды. МКД нұсқамасын орындау аясында салық төлеушілерді төлқұжаттау жүргізіліп, 19 898 сауда нүктесі «көлеңкеден» шығарылды.

Үшіншіден, жер салығының мөлшерлемесін қайта қарауға мән берілген. Сөйтіп қала бойынша салық салу мақсаттары үшін жер салығының базалық мөлшерлемесі мен жерді бағалау аймақтарға бөлу схемасы соңғы рет 2015 жылы қайта қаралғаны анықталды. Осыған байланысты әкімдікке МКД-мен бірлесіп меншік салығы бойынша қосымша көздерді анықтау бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ЖБ-ке мүлік салығы және жер салығына қосымша 352,0 млн.теңге түсті.

Төртіншіден, жарнама есебінен түсімдерді ұлғайтуға ден қойылған. Осы орайда былтыр жарнамадан түскен нақты салық 4,1 млрд теңгеге жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджет тиімділігін көтеру жөнінде қойған міндеттері бұл мәселелерді нақты атқаруды жүктеп отыр. Өйткені бюджет тиімділігін көтеру ісіне қаржылық тәртіп пен оның ойдағыдай сақталуы септігін тигізе алады. Бұған қоса тайға таңба басқандай айқын жоспарлау мен бюджеттік түсім де қала экономикасының өркендеуіне жол ашады.

Биыл да Алматыда жергілікті бюджеттің кірісі тұрақты түрде өсіп отыр. Биылғы бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджет түсіміндегі қаланың үлесі 27,5% өскен. Мысалы, жергілікті бюджетке 23,1%-ға көп кіріс немесе 986 млрд теңге аударылды. Алматының биылға арналған бюджеті 183,5 млрд теңгеге өсіп, 1 807,6 млрд теңгеге жетті. Бұған қосымша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 96,8 млрд теңге бөлінбек. Осының өзі ұтымды пайдаланылған қаржы ұттыратынын айқындап берсе керек.

 

Related posts

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ МЕЦЕНАТТЫҚ

ttjk

Мировые лидеры инсентив-туризма собрались в Стамбуле для глобальной конференции SITE

ttjk

IITU ROBONCON GAMES ЧЕМПИОНАТЫ

ttjk