АЛАМАН БӘЙГЕНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ 4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Қызылордада Қала күні мен «Алтын дән-2023» мерекесіне орай аламан бәйге ұйымдастырылды. Жанкүйерлер ипподромға жиналып, бәйгенің көрігін қыздырған тұлпарлар шабысын қызықтады.

Осы жолы ұлттық ат спортының 4 түрінен 82 шабандоз бақ сынады. Еліміздің бірнеше аймағынан сәйгүлігін баптап келгендер қызылордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Соңғы жылдары ұлттық спорттың облысымызда бұқаралық сипат алғаны қуантады. Жалпы 16 мыңнан астам адам ат спортымен шұғылданады. Жыл сайын 8000-нан аса палуанның қатысуымен өтетін қазақ күресінен «Алтын белбеу» турнирі ең танымал шараға айналды. Облыс орталығында ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы қызмет көрсетеді. Орталықта жастарға барлық мүмкіндіктер жасалған», — деді аймақ басшысы.
5 шақырымды артқа тастаған тай жарыс пен 11 шақырымды құрайтын құнан бәйгеде шиелілік Абзал Тұрғанбек бірінші болып келді.

Ал, 15 шақырымды оңай еңсерген топ бәйгеде Алматы облысынан келген тарлан Абзал Тұрмыс мәре сызығына ең алғаш болып жетіп, 2 миллион теңге иеленді.


Аламан бәйгенің жүлдесі жалағаштық батыр Жаңасыл Бекболатқа бұйырды. Шабандозға 4 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Жамбы атудан жарап тұрмыз

editor

The future of Cycling Tourism was decided in 2023 EuroVelo & Cycling Tourism Conference

Назия Жоямергенқызы

Күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанады

Назия Жоямергенқызы