Қайырымдылық қорының тең құрылтайшысының мүлкі тәркіленді

ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

 Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері қамауға алынды.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т.б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киімі, аяқ киімдер, зергерлік бұйымдар, сөмкелер табылып, тәркіленді.

ҚМА ақпаратында тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылғаны мәлім етілген. ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Related posts

Түрксоймен серіктестік келісімі

Назия Жоямергенқызы

25 мамыр – Дүниежүзілік қалқанша безі күні

ttjk

Türkiye closes 2023 with record-breaking tourism figures  

ttjk