Айдос Сарым: Әкімдерге жол талғамайтын көлік керек пе?

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әкімдерге жол талғамайтын көліктің қажеттілігі жайындағы халық сыны туралы жеткізді.

«Жемқорлықты заңдар емес, қоғам тоқтатады. Қоғамның мәдениеті, медиа сұраулар мен пікірталас, азаматтардың белсендігі ғана тоқтата алады. Басқа жол жоқ. Мысалы, бізде өңірлерде бір-екі белсенді азамат мемлекеттік сатып алуды қадағалап, әкімдерге жол талғамайтын көлік не үшін қажет деп хат жазады. Бұл жемқорлықпен күресудің айқын көрсеткіші»,- деді депутат Мәжіліс отырысының кулуарында. Оның айтуынша,  барлық өңір азаматы осы жұмыста белсенді болуы керек.

«Кейбір өңірде азаматтық белсенділікті мүлдем көрмейміз. Дәстүрлі 5-6 үкіметтік емес ұйым ғана жұмыс істейді. Барлық өңір белсенді атсалысуы керек», дейді депутат.

Related posts

“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” — “BLACK EYED PEAS

ttjk

Жемчужина Турецкой Ривьеры: музей Антальи

Назия Жоямергенқызы

Астанада 100-ден астам қоқыс үйіндісі жойылды

Назия Жоямергенқызы