Афион — музейге бай қала

Афион-Қаракесир қаласында бір-бірінен ерекшеленетін музей көп. Соның ішінде Археологиялық музейдің орны бөлек. Музейге кіргеннен қаланың мрамор орталығы екені анық аңғарылады. Мрамормен көмкерілген тарихи экспонаттар бірден өзіне тартады. Мұндағы жәдігерлер сонау қола, мыс дәуірінен тамыр тартады.

Тіпті 15 милл жыл бұрын тірлік еткен мамонттың да қаңқасын табасыз. Сондай-ақ ежелгі халықтың тұрмысы мен тіршілігінің эволюциясынан толық мәлімет алғандай әсерге бөленесіз.

Ең қызығы, осы жерде түрлі тарихи мәселелерді талқылап, ғалымдар басын қосу үшін арнайы орын берілген.
Музейде тарихи деректерді түгендеудің аурасы мүлде бөлек болары даусыз.

Айнұр Сембаева.

Related posts

Жетісу облысында он айдың ішінде бір жасқа дейінгі 73 сәби өлімі тіркелген

editor

ИРАК ТҮРІКМЕНДЕРІ ДАИШ-ТІҢ МОСУЛДАҒЫ «ҚЫРҒЫН ҚҰДЫҒЫНАН» ТУЫСТАРЫНЫҢ МӘЙІТТЕРІНІҢ ШЫҒАРЫЛУЫН КҮТУДЕ

Назия Жоямергенқызы

RENOWNED TURKISH POET ÂŞIK VEYSEL CELEBRATED THROUGHOUT THE YEAR IN UNESCO 2023 COMMEMORATION PROGRAM

ttjk