Абай облысының әкімі елден шыққан азаматтарды туған өлкені көркейтуге атсалысуға шақырды

Семейде 19-20 маусым күндері «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форум өтеді. Облыс әкімі Берік Уәли өңір үшін маңызды шара қарсаңында аймақтан шыққан ірі кәсіпкерлер мен іскер азаматтарға үндеу жолдап, туған өлкені көркейтуге атсалысуға шақырды.
«Бұл – әр азаматтың туған топырағына тағзым жасап, кіндік қаны тамған қасиетті мекенге құрметін білдіруге тамаша мүмкіндік. Форум – алыста жүрсе де, жүрегі туған ел деп соққан жерлестеріміздің басын қосатын, ортақ мақсаттар мен ізгі ниеттер тоғысатын маңызды алаң. Алдымызда тұрған маңызды міндеттеріміздің бірі – өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу. Мен Сіздерді туған жердің дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Бұл – тек қана азаматтық борыш емес, ұрпақ алдындағы аманат, ел болашағына бағытталған іргелі қадам» деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі жақында өңірдің алдағы даму жоспарын жариялады. Соған сәйкес Семейде 75 мың тұрғынға арналған жаңа ықшамаудан салынады.
«Мұнда тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтереді. Жоба аясында болашақта жастар сарайы, Жекпе жек сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, көрме орталығы, Достық үйі, инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақшалар, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланып отыр. Өңіріміздің өркендеуі жолында көп болып жұмылып, бірлік пен сенімді серік етсек, кез келген күрделі мәселенің түйінін тарқатуға болады. Облысты дамытудың кешенді жоспарына шетел инвесторларын тарту бағыты да қарқын ала бастады. Сіздерді де аймақтың алға басуына бірге атсалысуға шақырамын» деді аймақ басшысы.

Related posts

Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО

Назия Жоямергенқызы

StopMusor: қоқысқа қарсы күрес

ttjk

Ұлттық мал өсірушілер байқауының бас жүлдесі жарияланды

ttjk