Ақтау үкімінің үлесі 2 пайызға жетпейді

Елімізде сот үкімімен ақталып шығатындар саны 1,5%-дан аспайды.

Соңғы 4 жылда шамамен 33 мың қылмыстық іс және 411 мың азаматтық іс, биыл  алғашқы жарты жылдықта 16 226 қылмыстық іс пен 257 309 азаматтық іс қаралған.

Статистикаға салсақ, 2020 – 2022 жылдары ақтау үкімі шыққан адамдардың саны 1,5% және 1,4%-ды көрсеткен. Былтыр ақталғандардың үлес салмағы 1,2% дейін түскен. Бірақ сотта қаралған қылмыстық істер саны айтарлықтай кемімеген. Биыл жарты жылда 16 226 қылмыстық іс қаралса, соның ішінде 0,8% адам ақталып шыққан.

Сотты болған әйелдер мен балалар саны былтыр өскен.  Айталық, екі жыл бұрын сотталған әйелдер саны – 2923, жеткіншектер саны – 425 болса, былтыр түрмеге түскен әйелдер саны – 3264, ал кәмелетке толмағандар саны – 509-ға жетіп отыр. Биыл алғашқы жартыжылдықта 1980 әйелге сот үкімі шықса, 313 бала темір торға қамалған.

Related posts

Студенттер Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру идеяларын ұсынды

ttjk

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынған үш резолюцияны бекітті

editor

Гочектен Фетхиеге дейін: көгілдір шығанақтар, тарихи ашылулар

Назия Жоямергенқызы